+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлаушылардың саны белгілі болды

2020 жылғы 27 қазан 15:26
Бөлісіңіз:
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлаушылардың саны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда алдағы Мәжіліс сайлауына сайлаушылар тізіміне кіргізілген азаматтардың саны 11 820 318 адамды құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сайлау: ОСК «Ақ жол» партиялық тізімін тіркеді Орталық сайлау комиссиясы ADAL партиясының тізімін тіркеді Алдағы сайлауға халықтың қызығушылығы артты - мәслихат депутаты Аббат Өрісбаев

«Орталық сайлау комиссиясы алдағы науқанның кезекті сипатын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдармен бірге 2020 жылыдң 1 қазанындағы жағдай бойынша сайлаушылардың тізілімін өзектендірді. Аталған жұмыс 1 қазандағы жағдайға сәйкес, сайлаушылар тізіліміне 11 820 318 адамды тіркеуге мүмкіндік берді. Ертеректе, дерекөзі әртүрлі болған кезде кейбір азаматтар екі түзілімде немесе бірде-біреінде болмайшығаты. Қазір бұл тәжірибе жойылды деп санаймыз», - деді ол ОСК отырысы барысында.

Оның атап өтуінше, сайлаушылардың тізілімін қалыптастыру сайлау процесіннің маңызды ұйымдастырушылық элементтерінің бірі саналады.

«Сайлаушылардың тізілімі негізінде азаматтар өздерінің ел Парламенті Мәжілісі және мәлихаттар депутаттарын сайлауға арналған конституциялық құқықтарын жүзеге асырады. Осыған орай сайлаушылардың барынша толыққанды әрі нақты тізілімін түзу жеке жергілікті атқарушы органдардың ғана емес әкімдіктердің, аумақтық сайлау комиссияларының және әрбір сайлаушының бірлескен жауапкершілігі ретінде қарастырған жөн», - деді Константин Петров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT