Мәжіліс министрліктегі жауапты хатшы лауазымын қысқартатын құжатты мақұлдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заң жобасы 2020 жылғы 18 қарашада бірінші оқылымда мақұлданды .

Құжат Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйекте жарияланған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін әзірленді. Президент мемлекеттік қызмет жүйесін «қайта құру» қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, Жолдауға сәйкес жауапты хатшылар институтын жою жөнінде нақты тапсырма берілді.

«Заң жобасы жауапты хатшы лауазымы қысқартылады, ал оның өкілеттігі министрліктің бірінші басшысы мен аппарат басшысына жүктеледі. Құжатты қарау барысында оның жекелеген нормалары заңнамаға сәйкес келтірілді», - деді Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында министрліктердегі жауапты хатшылар қысқартылатынын айтқан еді.



Соңғы жаңалықтар