Мәжіліс кепілдендірілген трансфертке қатысты құжатты мақұлдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «ҚР Ұлттық қорынан 2020 – 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» ҚР Заңына өзгеріс енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі Жарлығымен Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 4 трлн 770 млрд теңге сомасында айқындалды. Заң жобасында 2020 жыл бойынша осы соманы қолданыстағы кепілдендірілген трансферт туралы заңда көрсету көзделеді», - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.


Соңғы жаңалықтар