Мәжіліс кәсіпкерлік кепілдіктерін күшейтуге мүмкіндік беретін құжатты талқылайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша талқылауды бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл заң жобасы парламент депутаттары тарапынан Мемлекет басшысының 2019 жылғы және 2020 жылғы Жолдауларын іске асыру мақсатында әзірленді. Заң жобасымен екі кодекс пен екі екі заңға түзетулер көзделген», - деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, депутат Қанат Мусин палатаның жалпы отырысында.

Оның айтуынша, ұсынылатын нормалар рейдерлікпен және құқық қорғау мен бақылаушы органдардың кәсіпкерлерге қатысты заңсыз іс-әрекеттерімен күресті күшейту, сондай-ақ бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды көздейді.

«Бұл түзетулер азаматтардың құқықтарын қорғауды арттыруға, прокуратура қадағалауын кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін тиімді шешуге қайта бағыттауға, олардың қызметіне заңсыз араласудан, бизнес субъектілерін қылмыстық қудалау шеңберіне тартудан кәсіпкерлік кепілдіктерін күшейтуге мүмкіндік береді. Комитет бұл заң жобасын қарауға және қорытынды әзірлеуге дайын», - деді депутат.


Соңғы жаңалықтар