Мәжіліс халықаралық пошта транзитіне қатысты құжатты мақұлдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Тоғызыншы қосымша хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасы 1992 жылдан бастап Дүниежүзілік пошта одағының толық мүшесі болып саналады. Аталған одақтың басты міндеттері - осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселесін көтермелеу, сонымен қатар, дамушы елдерге пошта қызметін ұйымдастыру және техникалық көмек көрсетуді қамтамасыз ету.

«Дүниежүзілік пошта одағына мүше болу - оның Жарғысы, Конвенциясы, Регламенті және қосымша Келісімдері сияқты негізгі құжаттарына қол қою арқылы расталады. Қарауға ұсынылып отырған Дүниежүзілік пошта одағы Жарғысының тоғызыншы хаттамасы Дүниежүзілік пошта одағының 26 Конгресінде жасалған және Қазақстан Республикасы уәкілетті өкілдерімен қол қойылған. Осы хаттамамен Дүниежүзілік пошта одағы Жарғысына пошта аумағында барлық жолдамалардың өзара алмасуын жеңілдетуге арналған нормалар, Конвенция және Регламенттегі нормалармен сәйкестендіру, сондай-ақ қайталанатын сипаттағы нормаларды алып тастау қарастырылған», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Асқар Жұмағалиев.

Осы заң жобасын қабылдау халықаралық міндеттемелерге сәйкес келуге мүмкіндік береді және қаржылық, құқықтық, экологиялық әрі әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеліп соқпайды, пошта байланысы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты қолдау үшін қолайлы жағдайлар жасайды.


Соңғы жаңалықтар