Мәжіліс Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кандидатурасын келісті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына Біржан Нұрымбетовтің кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Біржан Нұрымбетовтің кандидатурасы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындау үшін келісілді. Комитет мүшелері бұл мәселені «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес қарады. Кандидатты Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды», - делінген палатаның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Отырыс нәтижесінде комитеттің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындау үшін Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлының кандидатурасын ұсыну мүмкіндігі туралы Қорытындысы қабылданды.

Соңғы жаңалықтар