+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Мәжіліс ЕАЭО аясында Қырғызстанның кедендік-тарифтік мөлшерлемесіне қатысты құжатты мақұлдады

2021 жылғы 14 сәуір 10:51
Бөлісіңіз:
Мәжіліс ЕАЭО аясында Қырғызстанның кедендік-тарифтік мөлшерлемесіне қатысты құжатты мақұлдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартты, ЕАЭО құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және ЕАЭО органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да жыл басынан бері жол апатынан 52 бала жарақат алған Семейде екі көлік бетпе-бет соқтығысты Петропавлда 78 жастағы зейнеткерді көлік қағып кетті

Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық одаққа 2015 жылғы тамызда қосылды. Экономиканы ЕАЭО-ның талаптарына бейімдеу мақсатында Қырғыз Республикасына 222 тауар бойынша бірыңғай кедендік тариф мөлшерлемелеріне көшу үшін бес жылдық кезең берілген.

«Қырғыз тарапы неғұрлым төмен баж салығын қолданған өтпелі кезең 2020 жылғы 1қаңтарда аяталуы тиіс еді. Алайда мемлекеттің тұрақсыз экономикалық және әлеуметтік жағдайын ескере отырып, Қырғыз Республикасының Президенті 2019 жылғы желтоқсанда ЕАЭО мемлекеттері басшыларының саммиті барысында алып қою тауарларына қатысты неғұрлым төмен баждарды қолдану мерзімін ұзарту туралы өтініш жасады. Талқылау қорытындысы бойынша мемлекет басшылары, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өтпелі кезеңді бір жылға ұзартуға келісе отырып, ізгі ниетін білдірді», - деді Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, төменгі баждардың қолдануын ұзарту көлік тобына әсер етпеді.

«2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қырғыз Республикасы барлық тауарларға қатысты ЕАЭО-ның бірыңғай кедендік тарифінің мөлшерлемелеріне көшті», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT