Мәжіліс депутаты Махамбет ауданына жұмыс сапарымен барды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлыбек Ожаев Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасының орындалу барысын бақылау мақсатында Махамбет ауданына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.


ЖШС «Первомайский» сүт тауарларымен танысты. Пандемия кезінде де жұмыстары тоқтамағандығын айтып жеткізді. Мәжіліс депутаты кейін Махамбет ауданындағы жылына 350 тонна қияр, қызанақ дақылдарынан өнім алатын «Жұмағалиева» теплицамен танысып, мәселенің жай-жапсарымен танысып, жұмыстарын жүргізіп жатқан мекеме өкілдерімен жүздесті. Қазір 1,4 млрд тенге жобаның жалпы құны болып отыр.

Сапар барысында халық қалаулысы Махамбет ауданының орталығы Ақжайық ауылында тұрғындармен жүздесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады. Тұрғындар экологиялық мәселелерді ортаға салып, ұсыныстарын да жеткізді. Қазір аудан су тапшылығының салдарынан қиындық көріп отыр. Өйткені, жайылым мен шабындыққа су шықпай, төрт түліктің жағдайы қиындаған. Одан бөлек, Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты қалыптасқан қиындықтар да айтылды. Мәжіліс депутаттары әр күрмеулі мәселенің шешім табуына күш салатындарын жеткізді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н. Ожаевқа Ақжайық тұрғындары өздерінің толғандырған түйткілді мәселелерін ортаға салды. Халық қалаулысы әр мәселенің уақытылы шешім табатынын айтты. Әр азаматтың аманаты – басты назарда болады.







Соңғы жаңалықтар