Мәжіліс депутаты компанияларға міндетті аудит не үшін керектігін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жылдық кірісі 4 млрд теңгеден асатын компанияларға міндетті аудит енгізу кәсіпкерлік субъектілеріне тиімді болады. Бұл туралы Мәжілісте аудиторлық қызметке қатысты заң жобасы таныстыру кезінде тілшілерге депутат Омархан Өксікбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Мәжілісте Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.

«Бұл жалпы әлемде қолданылып отырған тәжірибе. Бұл бағытта елімізде ең жоғары межені қоймақпыз. Ресей мен Беларусь елін алатын болсақ, оларда табысы 2 млрд теңгеден асқан кәсіпорындарды міндетті аудитке жатқызып отыр. Біз табысы 4 млрд теңгеден асқандарды қамтып отырмыз. Бұл қадам қомақты қаржы айналымы бар компаниялардың қызметіндегі ашықтықты, жариялықты қамтамасыз етеді, сондай-ақ «көлеңкелі» экономикаға тосқауыл қоюдың және салық толыққанды төленгендігіне көз жеткізетін жүйе. Оны тиімді бағыт деп білемін», - деп тоқталды депутат тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Олсы орайда Омархан Өксікбаев табысы 4 млрд теңгеден асатын компания аудиторлық компанияға 2-3 млн теңге төлеп, есептілікті ретке келтірсе, бұдан кәсіпорын ұтатынын атап өтті.

Яғни табысы қомақты компаниялардың аудиторларға арналған міндетті төлемі олардың бизнесіне кедергі болмайды.

«Керісінше, міндетті аудит ірі компаниялардың жұмысына үлкен көмек жасайды, яғни бизнестің дамуына сенімділікті ұялатады. Міндетті түрде аудит өткен компанияға серіктестер де көптеп тартылады», - деді О. Өксікбаев.

Соңғы жаңалықтар