Мәжіліс депутаты Қанат Мусиннің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаты Қанат Мусиннің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Парламент Сенатының 2021 жылғы 10 маусымдағы қаулысының негізінде Мәжіліс депутаты Қанат Мусин Жоғары сот судьясы қызметіне сайланды. Осы орайда заңнамаға сәйкес Қ. Мусиннің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным енгізілді.

Палата депутаттары бұл ұсынымға қолдау білдірді.

«Қанат Сергейұлы, сізге Парламентте бірлесіп атқарған жұмысыңыз үшін алғыс білдіреміз. Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің басқарып, көптеген маңызды заңдардың қабылдануына зор үлес қостыңыз. Әрдайым жүктелген міндетті абыроймен атқарып келдіңіз», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Осы орайда жалпы отырыста Қанат Мусинге «Алғыс хат» табысталды.

Еске сала кетейік, жақында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин Жоғарғы сот судьясы болып сайланды.


Соңғы жаңалықтар