Мәжіліс депутаты балалар демалысы инфрақұрылымын жаңғырту мәселесін көтерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева балалар демалысы инфрақұрылымын жаңғырту мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл жайында ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутаттың айтуынша, 25 жылдың ішінде қала сыртындағы базалар саны елімізде екі есеге азайған, ал қалғандары r-көбіне апаттық жағдайда.

«Дәстүрлі балалар демалысының орнын тамақтандырусыз, таза ауасы жоқ екі сағаттың мектеп жанындағы алаңдар алмастырды», - деді Е. Смышляева.

Нақты лагерлер саны елімізде 236 болды. 2019 жылы 210 лагерь қызмет еткен. Олар жалпы 200 мың баланы қамти алады және бұл көрсеткіш барша контингенттің 7 пайызын ғана құрайды.

Оның пайымынша, бұл жағдайға қаржылық мәселе әсер етіп отыр. Осы нысандардың маусымдық жұмысын ескере отырып, оларды күтіп ұстау шығынды болып тұр.

Бұл әлеуметтік бизнес түріне инвесторлар қызығушылық танытпай отыр, себебі осы бағытта мемлекет тарапынан ынталандыру іс-шаралары ескерілмеген.

«Шынында, пандемия жағдайында демалысты ұйымдастыру шығындары арта түсті. Лагерлердің толық жүктемеде істемеуі, антисептиктер сатып алу, медициналық қызметті күшейту, демалыс орнына келетін балада ПТР-тестің міндетті болуы жолдама құнын айтарлықтай қымбаттатады. Бұл шығындарды ата-аналардың қалтасы көтермейді», - деді депутат.

Осы орайда ол балаларды жазғы демалыс орындарымен, сауықтырумен нақты қамтудың талаптарын күшейтетін уақыт жеткенін атап өтті. Бұл тұрғыда тиісті индикатордың мәртебесін бұқаралық талқылау деңгейіне дейін көтеру керек болып тұр.

Екатерина Смышляеваның сөзіне қарағанда, қалған нысандардың объективті ревизиясын жүргізіп, балалар демалысы инфрақұрылымын кезең-кезеңмен жаңғыртудың жоспарын әзірлеп, бұл сегментке инвесторлардың келуі мүмкіндігін айқындау керек.

Оның пікірінше, тиісті қадамдар жасалмаса, ата-аналар тарапынан сұраныс болмайды. Соның салдарынан балаларға қосымша білім беру жүйесінің тұтас құрылымдық элементінен айырылу қаупі бар.


Соңғы жаңалықтар