+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Мәжіліс депутаттары Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

2021 жылғы 19 тамыз 21:55
Бөлісіңіз:
Мәжіліс депутаттары Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысына Мәжіліс депутаттары арнайы іс-сапармен келді. Nur Oran фракциясының мүшелері Ержан Құдайбергенов пен Дархан Мыңбай, Елнұр Бейсенбаевтар сайлаушылармен кездесулер өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған жол картасының орындалуын қадағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сенаттағы «Өңір» депутаттық тобының отырысында қандай мәселелер талқыланды Қорытынды жасауға асықпайық – Білім министрлігі Түркістанда қайтыс болған оқушы туралы Сайрам ауданында білімге жауапты бөлім басшысы мен мектеп директоры парамен ұсталды

Парламент депутаттары өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысын бағамдады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбайдың қабылдауында болған депутаттары Түркістан облысын дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен Nur Oran партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының Түркістан облысы бойынша жүзеге асырылу барысын талқылады.

Өңірдегі бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, облыс басшылығымен олардың шешу жолдарын ортаға салды. Қазіргі таңда Түркістан облысының әрбір аудан, қаласы және облыстық деңгей бойынша 17 Жол картасы әзірленіп, жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары Түркістан облысының дамуына жоғары баға беріп, басты заң шығарушы органдағы атқарылып жатқан жұмыстар мен жаңа заң жобаларына тоқталып өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT