Мәжіліс депутаттары Саран қаласындағы зауытта болды

None
None
ҚАРҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» артиясы фракциясының мүшесі Юрий Жулин Қарағанды облысының Саран қаласындағы жолаушылар автобусы мен арнайы техника шығаратын зауытта болды. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайы.

Зауыт өткен жылдың желтоқсан айында ашылды. Кәсіпорын бұрынғы РТИ зауыты негізінде жұмыс істейді. Өндіріс орнымен бірге индустриялық аймақ та жандануда.

Инвестициялық жобаны іске асыру үшін жоба операторының қатысуымен «QazTehna» ЖШС, «Сарыарқа «ӘКК» АҚ және Yutong компаниясының бірлескен кәсіпорны құрылды. Инвестиция сомасы 22,1 млрд. теңгені құрайды.

Зауыт жылына 1200 бірлік автобус шығаруды жоспарлап отыр. Келешекте Саран қаласындағы зауыт жол-құрылыс және жүк техникасын шығаратын болады. Бұл техника Қазақстанның өнеркәсіптік және тау-кен өндіруші компаниялары арасында үлкен сұранысқа ие.

Мәжіліс депутаты Юрий Жулин өңірде ашылған кәсіпорындар, ең алдымен, жаңа жұмыс орындары екеніне назар аударып, жаңа инвестициялық жобалардың пайда болуы қаланың дамуына серпін беретінін айтты.

Халық қалаулысының пікірінше, көптеген автопарктер өз автобустарын кәсіпорын өнімі есебінен жаңарта алады.

Жалпы, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде Саран қаласы бойынша осы кәсіпорында бес жыл ішінде шамамен 400 жаңа жұмыс орны құрылмақ.


Соңғы жаңалықтар