+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Мәжіліс депутаттары: экологиялық мәдениет – елдің тұрақты дамуының алғышарты

2020 жылғы 19 қыркүйек 11:43
Бөлісіңіз:
Мәжіліс депутаттары: экологиялық мәдениет – елдің тұрақты дамуының алғышарты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «World cleanup Day» атты ең ірі экологиялық акцияға қатысты.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысындағы 5 ұлттық паркті дамыту бойынша жобалық кеңсе ашылады Алматыда Абай көшесіндегі ағаштар көшірілетін болды Маңғыстауда ауыл тұрғындары тамшылатып суару әдісін қолға алды

Қазақстан Дүниежүзілік тазалық күніне Мемлекет Басшысының «Birge - taza Qazaqstan» акциясын тұрақты негізде өткізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында қосылды.

Мәжіліс депутаттары Нұр-Сұлтан қаласының Есіл өзені бойындағы саябақ аумағында үйеңкі, қарағаш, емен, қарағай, шырша, қарағай көшеттерін отырғызды. Осылайша депутаттар Нұр-Сұлтанның оң жағалауындағы қазақстандықтардың белсенді демалысы үшін қолайлы да заманауи кеңістікке айналдыратын аймақты абаттандыруға өз үлестерін қосты.

Елді көгалдандыру - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында қойған маңызды міндеттерінің бірі. Алдағы бес жылда орман қорына 2 миллиардтан астам, елдімекендерге 15 миллион ағаш отырғызу жоспарланып отыр.


Бүгінгі таңда экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері Мәжіліс депутаттарының үнемі назарында. Осыған сәйкес, Палата экологиялық заңнаманы жаңғыртуға бағытталған бірқатар заң жобаларын әзірлеу үстінде. Оның ішінде жаңа «Экологиялық кодекстің» жобасы бар.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары елдің экологиялық ахуалын жақсарту үшін қажетті заңдар қабылдау, инновациялық технологияларды енгізу, алдын алу шараларын әзірлеу және халықтың экологиялық мәдениетін көтеруді қажет деп санайды. Депутаттардың пікірінше, бұл халықтың өмір сүру сапасын жақсартудың және тұтастай алғанда елдің тұрақты дамуының қажетті алғышарты.


Әр түрлі экологиялық науқандарға қатысу қоршаған ортаға ұқыпты және жауапкершілікпен қарауға, экологиялық құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT