Мәжіліс депутаттары аймақтарда азаматтарды жеке мәселемен қабылдап жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттары өңірлерге сапар барысында тұрғындармен кездесіп, қабылдау өткізіп, қосымша пысықтауды талап ететін мәселелерді бақылауға алып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат заң шығарушы органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысында депутаттар Айгүл Нұркина, Вера Ким және Анатолий Бойчин жергілікті тұрғындармен қабылдау өткізу барысында павлодарлықтар зиянды еңбек жағдайлары бар өндірісте жұмыс істеген зейнеткерлер бойынша нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізуге қатысты мәселелерді көтерді.

Сонымен қатар, қала тұрғындарын «Екінші Павлодар» шағын ауданында жер асты суларымен жиі су басу мәселесі толғандыратынын да атап өтті.

Ал, Железин ауданының тұрғындары үшін тез арада шешуді талап ететін негізгі проблемаларды көтерді.

Олар: жылу желілері мен қазандық жабдықтарының тозуы, 500 адамнан аз халқы бар ауылдарда сапалы ауыз судың болмауы, Ақтау, Озерное, Жаңабірлік, Крупское, Раздельное, Береговое, Өрлітөбе, Захаровка, Аққайын, Дүйсеке, Петропавловка ауылдарында сапалы мобильді және интернет байланысының болмауы.

Мәжіліс депутаттары аталған мәселелердің шешімін жеке бақылауға алды.

Тереңкөл ауданында Ивановка және Песчаное ауылдарындағы су тазарту құрылыстары мен су құбыры желілерін жаңғырту және қайта жаңарту басты мәселелердің қатарында болып отыр. Ивановка ауылындағы су құбыры желілерін қайта құру мәселесін ауыл тұрғындары бұрын да көтерілген болатын.

Тұрғындардың үндеуі зерделеніп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізілді.

Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптама жүргізілуде. Оның аяқталу мерзімі - 2021 жылғы 30 шілде.

Құрылысты ұйымдастыру, сметалық құжаттама, әлсіз тоқты желілер, автоматтандыру, сыртқы желілер және электрмен жабдықтау бойынша алынған ескертулер пысықталмақ.

Жобаны іске асыру мерзімі 2022 жылға белгіленген.

Атырау облысында Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғановтың қабылдауында тұрғындар ең алдымен жағымсыз иіс көзі болып табылатын булану алқаптарына қатысты мәселелерді көтерді.

Депутат Атырау мұнай өңдеу зауытында болып, онда булану алқаптарын қалпына келтіру кіретін TAZALYQ жобасының іске асырылу барысымен танысты.

Зауыт басшылығы мәселені жоспарланған мерзімде шешуге уәде береді.

Сонымен қатар, атыраулықтар азық-түлік бағасын көтеру, әлеуметтік көмек көрсету, зейнетақы мөлшерін арттыру мәселелерін көтерді.

Алматы қаласында Мәжіліс депутаты Қанат Нұров қаланың бірнеше ауданында азаматтарды қабылдады.

Қабылау барысында әлеуметтік тұрғын үйді жекешелендіру, теміржол жолаушылар билеттерін алып-сатарлар мәселесі, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету, оңалту орталықтарын салу және тағы басқа да бірқатар өзекті проблемалар қамтылды.



Соңғы жаңалықтар