Мәжіліс депутаттары аудиторлық қызметті жетілдіру тетіктерін нақтылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент депутаттары ««ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заң жобасын Парламент Мәжілісіне депутаттар осы жылдың 14 ақпанында енгізген. Оның мақсаты - халықаралық практиканы ескере отырып, аудит саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру. Мемлекеттік және нақты секторлар аудиті саласында қалыптасқан қоғамдық қатынастар заң жобасын реттеудің нысанасы болып отыр.

Заң жобасын жұмыс тобының отырыстарында қарау барысында жекелеген нормаларды жетілдіру мақсатында бірқатар түзетулер қабылданды. Атап айтқанда:

- міндетті аудиттеуге жататын, жылдық орташа кірісі айлық есептік көрсеткіштің бір жарым миллион еселенген мөлшерінен асатын ұйымдардың тізбесінен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді алып тастау;

- кәсіби кеңес басқармасының кәсіби кеңес қызметі туралы жылдық есептілікті бекіту;

- кәсіби кеңестің уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне есеп беруі бойынша есеп берушілік жөніндегі нормаларын күшейту;

- Біліктілік комиссиясының аудиторға кандидаттарға аттестаттауды жүргізу үшін пәндердің тізбесін қайта қарауға арналған құқықтарын алып тастау;

- мемлекеттік мекемелерде электрондық бухгалтерлік есепке алуды уәкілетті орган айқындайтын бірыңғай оператордың жүргізуін алып тастау;

- «мемлекеттік аудитордың ассистенті» ұғымын кеңейту;

- камералдық бақылау сапасын бақылау және мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың шағымдарын қарау тәртібін нақтылау;

- Есеп комитетінің құзыретінен аудиторлық қызмет саласындағы кәсіби кеңеспен өзара іс-қимылды жүзеге асыруды алып тастау;

- ішкі аудит қызметтерінің ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік аудит жүргізу, сондай-ақ қабылданған шаралар бойынша тоқсан сайын есептер, ақпарат жіберу міндеттерін белгілеу;

- бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аудиторлық ұйымдарды (аудиторларды) кезектілік пен өңірлік өкілдік қағидаттарын сақтау міндеттерімен құқық қорғау органдарына жіберу үшін айқындауына қатысты нормалармен толықтыру бөлігінде бірқатар, сондай-ақ басқа да түзетулер енгізілді.

Сонымен бірге уәкілетті органның құзыретіне, кәсіби аудиторлық ұйымдардың сапаны сыртқы бақылау жүргізу тәртібін сақтауын бақылау жөніндегі кәсіби кеңестің айрықша құзыретін белгілеуге қатысты түзетулер енгізілген.


Соңғы жаңалықтар