Мәжіліс депутаттары Алматыдағы провизорлық орталықтың жұмысымен танысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Азат Перуашев пен Ерлан Барлыбаев Алматыдағы «Сұңқар» клиникалық орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халық қалаулылары карантин жағдайында жұмыс істеп жатқан жеке клиниканың жұмысымен танысып, дәрігерлердің ұсыныстарын тыңдады.

Депутат Азат Перуашевтің айтуынша, бүгінде көптеген жеке клиникалар мемлекеттік органдардың назарынан тыс қалған. «СҚ-Фармация» мен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» білікті дәрігерлер мен мейірбикелері бар жеке медициналық мекемелерге қолдау көрсетпеген.

Сонымен қатар, ол коронавируспен күрес кезінде мемлекеттік клиникаларда медициналық кадрлар жетіспей жатқанда жеке клиникалар тартылмағанын тілге тиек етті.

«Менің ойымша, бұл мәселені Үкімет пен Денсаулық сақтау министрлігі шешуі керек. Жеке клиникаларға қолдау көрсету қажет. Қайта жабдықтап, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуі тиіс. Коронавирусқа қарсы күреске жеке клиникаларды жұмылдырумыз керек. Әсіресе , қазір келесі толқынды күтіп отырғанымызда, көмек қажет болады»,– дейді ол

Азат Перуашев «Сұңқар» онкологиялық орталығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

Өз кезегінде «Сұңқар» онкологиялық орталығының бас дәрігері Бақтияр Керімқұлов депутаттарға орталық барлық санитарлық талапқа сай қызмет атқарып жатқанын айтты.

«Біздің орталық төрт бөлікке бөлінеді. 1 қабат амбулаторлық поликлиника, онда сырттан келген науқастарды қабылдаймыз. 2 қабатта реанимациялық және операция бөлімі жасақталған. 3 қабатта статционарлық 10 және амбулаторлық 10 төсек орны бар, мұнда сырқаты орта дәрежесіндегі науқастар жатады. 4 қабатта жеңіл және орташа ауыр деңгейіндегі науқастарға арналған, ол жерде 10 төсек орыны бар», - дейді бас дәрігер.


Соңғы жаңалықтар