Мажарстанда қазақ тілін үйреніп жүргендер саны өсіп келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі таңда Мажарстанда Қазақстанның мың студенті білім алып жатыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екіжақты ынтымақтастықтың маңызды элементтерінің бірі білім саласы болып саналады. Қазақстан азаматтарына жыл сайын 250 грант бөлетіні үшін Мажарстанға алғысымызды білдіреміз. Қазіргі таңда Мажарстанда біздің мың студентіміз білім алуда. Мажар тілінде білім алуға қызығушылық танытатын студенттердің саны артып келеді. Мажар жоғары оқу орындарында қазақ тілін үйреніп жүрген мажар студенттеріне де ризамыз. Бұл жастардың келешекте елдерімізді байланыстыратын «жанды көпірге» айналатынына күмән жоқ», - деді М. Тілеуберді.

Министр Қазақстан-Мажар қарым-қатынастарының ауқымы бүгін талқыланған мәселелермен ғана шектелмейтініне сенім артты.

«Өткізген келіссөздеріміз өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға кең өріс ашады. Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийарто мырзаның ресми сапары екіжақты, көпжақты форматта Нұр-Сұлтан мен Будапешт арасындағы стратегиялық әріптестік қарым-қатынастарды нығайтуға қосымша серпін береді деп үміттенемін», - деді Мұхтар Тілеуберді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі келессіөздерден кейін тараптар екі ел арасындағы бірнеше құжатқа қол қойды.

Айта кетейік, Орталық Азия өңірінде мажар компанияларының мүмкіндіктері кеңейтілмек.


Соңғы жаңалықтар