Мажарстан компаниясы Түркістан облысында күн электр станциясын салады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр станциясын салады, деп хабарлайды «Kazakh Invest» ҰК« АҚ баспасөз қызметі.

Тиісті үшжақты меморандумға бүгін «KAZAKH INVEST« ҰК» АҚ, Түркістан облысының әкімдігі және «Globalia Kft» компаниясының өкілдері арасында қол қойылды.

Құжат аясында шетелдік инвесторлар қуаттылығы 50 МВт болатын күн паркін салуды жоспарлап отыр. Жоба 160 мыңнан астам монокристалды күн модулін орнатуды қарастырады.

«Түркістан облысында электр энергиясының тапшылығы бар екені баршаға мәлім, көбіне біз оны еліміздің солтүстік өңірлерінен аламыз. Осыған байланысты бізге энергияның баламалы көздерін дамыту қажет. Өңірде жылына үш мың сағат күн ашық. Сондықтан біздің облыс осындай жобаларды іске асыру үшін ең қолайлы болып табылады», — деп атап өтті Түркістан облысы бойынша «KAZAKH INVEST» ҰК« АҚ өңірлік директоры Жанабаев Ерсұлтан.

Алдын ала келісімдерге сәйкес, КЭС құрылысы 2022 жылдың басында басталады. Жобаны іске асыру шамамен 150 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Жоспарланған инвестициялардың сомасы нақтылануда.

»Біз Қазақстанның инвестиция салуға қолайлы ел екеніне көз жеткіздік. Біз жобаларға қаражат салған кезде, біздің инвестицияларымыз қорғалғанына және олар өз жемісін беретініне сенімдіміз. Біз KAZAKH INVEST жан-жақты қолдауын ерекше бағалаймыз. Қазақстанда 24/7 инвесторлар үшін қолжетімді және ашық компания бар екені өте жақсы«, - деді іс-шара барысында «Globalia Kft« компаниясының басқарма төрағасы Габор Саги.

Бүгінгі таңда «KAZAKH INVEST« ҰК» АҚ қолдауымен ЖЭК саласында жалпы сомасы $930 млн құрайтын 15 жоба іске асырылуда, осы жобаларды іске асыру шеңберінде жалпы қуаты 676 МВт күн парктерін, гидро және жел электр станцияларын құру жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар