Майра Ілиясова Үржарда өткен «Жауқазын» өнер байқауының құрметті қонағы болды

None
None
ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында өткен «Жауқазын» өнер байқауына Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Майра Әлімғазықызы Ілиясова арнайы келіп, жас дарындылардың концертін тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, Үржар ауданында «Жауқазын» өнер байқауы 1995 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биылғы шараға 2000-нан астам бала қатысып, оның үздік деген 560-ы жартылай финалда өнер көрсетті. Олардың арасында өткен жылы Пекинде 8 мемлекеттің қатысуымен өткен «Pearl of the east» ән байқауының бірінші орын иегері Назерке Нұрбекқызы, «Самға, жұлдыз» атты республикалық балалар және жасөспірімдер арасындағы ән байқауының жеңімпаздары Назерке Нұрбекқызы, Балжан Тетеғалиева, Сұлтан Желдібаев, Майра Ілиясованың шығармашылық кешіне қатысқан Қастер Талапқан, «Ерлігі елге мұра» атты халықаралық конкурстың бірнеше мәрте Гран при иегерлері Бану мен Ғалия Жақановалар бар. Бұл балаларды өнерге баулып келе жатқан ұстаздары, «Сонар» халықтық ән-би ансамблінің жетекшісі Фарида Төлегенованың еңбегі зор екендігін ерекше атап өтпеске болмас.

Кеш барысында сөз алған Майра Ілиясова: «Үржар жері, елі өте қасиетті мекен. Бүгін міне, керемет «Жауқазын» балалар шығармашылығының фестивалінің арнайы қонағы болып отырмын. Бұл қасиетті жерден әлі де талай жұлдыздар шығатындығына сенімдімін», - деді.
null 

Сонымен бірге талантты әнші кеште халық арасына кеңінен тараған бірнеше танымал әндерін орындады.

Жас жұлдыздардың концертін тамашалаған ҚР еңбек сіңірген әртісіне Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдиннің «Алғыс хаты» және Ә.Найманбайұлының медалі табыс етілді. Сондай-ақ Майра Ілиясоваға Үржар ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді. 

null null

 

null 

Соңғы жаңалықтар