Майнинг фермасының «КЕGОС» АҚ электр желілерінде жасырылғаны анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жауапкершілгі шектеулі серіктестіктердің бірінде заңсыз қосылған майнинг фермасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы 18 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің қызметкерлері жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің біріне тиесілі майнинг фермасының заңсыз қосылғанын анықтады. Электр энергиясын қосудың бұл фактісіне «KEGOC» АҚ-ның «Ақмола ЖЭТ» филиалы жол берген. Майнинг тарапынан электр қуатына қосылу және тұтыну кернеуі 500 килоВольттан жоғары вольтты кіші станциядан жүргізілген», - делінген Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінде.

Майнингтік ферма тиісті қызметті пайдалану туралы цифрлық даму саласындағы уәкілетті органға айтпаған.

«Комитет «КЕGОС»АҚ-ға қатысты бақылау іс-шараларын жүргізіп жатыр. Жалпы «сұр» майнинг фермаларын электр желілеріне қосуға жол берілмейді. Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес, әрбір факті бойынша әрекет ету шаралары қабылданатынына әрі электр энергиясы қуатының нарығы аясында тиісті өндіріп алулар қолданылатынына назар аудартамыз. Энергетика министрлігі мемлекеттік органдармен және энергетикалық кәсіпорындармен бірлесіп, еліміздің заңнамасын бұзатын «сұр» майнинг фермаларын анықтау мен электр желілерінен ажырату бойынша жұмысты жалғастырады», - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елдегі электр энергиясының тапшылығына авариялардың жиілеуі мен майнинг өндірісінің артуы себеп болған.

ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов майнерлерге қатысты шынымен де проблама бар екенін айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар