Майдангер үйде дауыс беру құқығынан бас тартып, референдум учаскесіне келді

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары республикалық референдумға белсенді қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыста жалпы халықтық референдумда дауыс беру 1027 учаскеде жүріп жатыр. Денсаулық жағдайына байланысты емделіп жатқан немесе әскери борышын атқарып жүрген тұрғындар үшін кәсіпорындар мен медициналық мекемелерде 68 дауыс беру орны ашылған.

Алтай ауданында дауыс бергендердің қатарында жалғыз соғыс ардагері 95 жастағы Василий Рудометов те бар. Үйінен шықпай-ақ дауыс беру мүмкіндігіне қарамастан ол референдум учаскесіне өзі келген.

Дауыс беріп жатқандар арасында әскерилер де аз емес. Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының сарбаздары ішінен саяси науқанға алғаш рет қатысып жатқандар кездеседі.

«Бұл менің алғаш рет дауыс беруім. Конституцияға енгізіледі деп жоспарланып отырған өзгерістермен танысып шығып, өз таңдауымды жасадым», - дейді сарбаз Егор Никульшин.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскемен халқы өз таңдауын жасап жатқаны жайлы фоторепортаж берген едік.


Соңғы жаңалықтар