Маусым айынан бастап Алакөлге қосымша пойыздар жүре бастайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық тасымалдаушы Алакөл бағытында қосымша жазғы пойыздарды іске қосады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімет таратты.

17 маусымнан бастап №457/458 «Семей-Достық» пойызы күнара қатынайды. Семей станциясынан - тақ күндері, Достық станциясынан жұп күндері жөнелтіледі.

17 маусымнан бастап №459/460 «Өскемен-1 – Достық» пойызы күнара жүреді. Өскемен-1 станциясынан - тақ күндері, Достық станциясынан - жұп күндері аттанады.

20 маусымнан бастап №257/258 «Нұр-Сұлтан-1 – Достық» пойызы аптасына 2 рет қатынайды: жексенбі және бейсенбі күндері.

Нұр-Сұлтаннан - дүйсенбі, ал Достықтан - жұма күндері жүреді.

Бұдан бөлек, курорт аймағына аптасына 2 рет қатынайтын №54/53 «Нұр-Сұлтан – Достық» пойызы, сондай-ақ жазғы кезеңде құрамында «Нұр – Сұлтан-Достық» тіркемелі вагоны бар №121/122 «Нұр-Сұлтан-Семей» пойызы, №6941/6942 «Ақтоғай-Семей» пойызына Ақтоғай станциясында қайта тіркелетін № 21/22 «Қызылорда-Семей» пойызы құрамындағы «Алматы-Достық» қатынасындағы тікелей вагон бар екенін еске саламыз.


Соңғы жаңалықтар