Мәулен Әшімбаев Ресей Елшісімен өңіраралық және шекарамаңы ынтымақтастығын талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенат Төрағасы парламентаралық диалог Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті.

«Екіжақты қарым-қатынастарда өңіраралық және шекарамаңы ынтымақтастығының маңызы зор. Қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымының шамамен 70 пайызы өңіраралық және шекарамаңы саудасына тиесілі. Біздің мемлекеттеріміздің басшылары шекара маңындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударып отыр. Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумдары өткізіліп келеді. Сенаторларымыздың басым бөлігі белгілі бір аймақтардан сайланған. Сондықтан сенаторлар біздің елдеріміз Президенттерінің барлық бастамаларын қолдайды әрі жүзеге асыруға белсене қатысып келеді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат Төрағасының айтуынша, қос ел арасындағы қарым-қатынас ғылыми-білім беру, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларда табысты дамып келеді.


Соңғы жаңалықтар