Мәулен Әшімбаев өткен сайлауға қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының бірқатар саяси реформалары алғаш рет осы сайлауда іске асырылды. Бұл туралы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«10 қаңтарда Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтті. Сайлаудың қорытындылары жарияланды. Халқымыз белсенділік танытып, өз таңдауын жасады. Сайлау заң аясында және халықаралық стандарттарға сай өтті. Шетелдік сарапшылар мен халықаралық байқаушылар да жоғары баға беруде. Мемлекет басшысының бірқатар саяси реформалары алғаш рет осы сайлауда іске асырылғанына куә болдық. Сайлауда «Nur Otan» партиясы айқын жеңіске жетті. Қазақстандықтар Елбасы саясатының сабақтастығын қолдап, Президентіміз жариялаған партия бағдарламасы үшін дауыс бергені анық», - деді М. Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында.
Осы орайда ол сайлаудың нәтижесі еліміздің дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді.
«Ертең 7-ші шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясы ашылады. Осылайша, еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын жаңа құрамдағы Парламентпен қарсы алады. Қазіргі таңда Парламенттің алдында Елбасы мен Мемлекет басшысы белгілеп берген жалпыхалықтық міндеттер тұр. Соның бәрін нәтижелі іске асыру үшін Сенат Мәжіліспен бірге сапалы заңдар қабылдауға тиіс», - деді Сенат Төрағасы.
- Сенатор жастар арасындағы бедеуліктің себептерін айтты
- Нұртөре Жүсіп кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қатысты ұсыныс жасады
- Сенатор елге келген қандастарға төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
- Сенатор омарташылар мен марал өсірушілерді қолдауды сұрады
-
Қазақстанда ғалымдарды әлеуметтік қолдауға арналған құжат қабылданды
-
Қызмет барысында жарақаттанған полицейдің отбасы баспана төлемдерін алуды жалғастырады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам