Маскүнем ретінде тіркеуде тұрғандардың әрбір бесіншісі - әйел

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында алты мыңға жуық адам маскүнем ретінде наркологиялық орталықта есепте тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО психикалық денсаулық орталығының мәліметінше, қазіргі таңда өңірде спирттік ішімдіктерге әуес 5 675 адам тіркеуде тұр. Бұл – 2018 жылмен салыстырғанда төмен көрсеткіш.

«2019 жылы орталықта 5 675 адам есепте тұрса, 2018 жылы 5 768 адам болатын. Біздің тіркеуден бірқатар талаптар орындалған жағдайда ғана алынады. Ол үшін пациентіміз ай сайын психиатр-наркологқа қаралуы тиіс. Спирттік ішімдіктен бас тартып, емін жалғастыруы керек. Сондай-ақ психологиялық көмек те алуы қажет», - дейді облыстық Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Елена Шарабар.

Қазір орталықта 5 мыңнан астам адам есепте тұрса, соның мыңнан астамы – әйелдер. Араларында бала да бар. 24 жасөспірім наркологтың бақылауына алынған.


Соңғы жаңалықтар