Мәскеудегі Қызыл алаңда Жеңіс парады өтті

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеудегі Қызыл алаңда 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 73 жылдығына арналған парад өтті. 

Парадты РФ Қорғаныс министрі, армия генералы Сергей Шойгу қабылдады.

РФ президенті Владимир Путин қонақтар мен қатысушыларды құттықтады.

«Сіздерді Жеңіс күнімен құттықтаймын. Бұл - әр отбасы үшін ең ерекше мереке болып қала бермек. 73 жыл бұрын Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталып, ұлтшылдыққа және сойқандыққа тосқауыл қойылды. Елі үшін қаза тапқан жауынгерлерді еске алу - парызымыз», - деді Владимир Путин.

Қызыл алаңда 13 мың әскери қызметші сап түзеді. Сондай-ақ, мерекеге қатысушылар мен қонақтар 150-ден астам әскери техниканы тамашалады. Қызыл алаңнан 75 ұшақ пен тікұшақ ұшып өтті.







Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 73 жылдығына арналған мерекелік парадқа Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Сербия Республикасының президенті Александр Вучич, сондай-ақ дипломаттар мен ресми тұлғалар қатысты.


Соңғы жаңалықтар