Мәскеуде ТМД аясында СІМ аралық консультация ұйымдастырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 18-19 сәуір аралығында Мәскеуде ТМД аясында «Өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық саласындағы интеграциялық процестердің келешегін кеңейту және күшейту туралы» тақырыбында сыртқы істер министрліктері аралық консультациясы өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шара қатысушылары 2007 жылы қабылданған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын бұдан әрі дамыту концепциясының экономикаға қатысты баптарын қарау жөнінде мәселелерді талқылайды.

Сондай-ақ, Еркін сауда аймағы туралы келісімді жүзеге асыру аясында ТМД аумағында интеграциялық процестерді күшейтудің түрлі аспектілері қарастырылады. Атап айтқанда, өзара сауда көлемін ұлғайту және трансшекаралық кедергілерді азайту құралы ретінде өзара сауда мен электронды саудадағы шектеулі шараларды жою бойынша жұмыстарды жандандыру мәселесі қаралмақ.

Бұдан бөлек, консультация қатысушылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен Еуразиялық экономикалық одақ қызметінің экономикалық бағыттарын түйіндеу мәселелерін талқылайды. 

Соңғы жаңалықтар