+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Мәскеуде ер адам банкте адамдарды тұтқынға алып, ғимаратты жарып жібермек болды

2020 жылғы 23 мамыр 19:00
Бөлісіңіз:
Мәскеуде ер адам банкте адамдарды тұтқынға алып, ғимаратты жарып жібермек болды

МӘСКЕУ. ТАСС - ҚазАқпарат - Мәскеуде ер адам «Альфа-банк» ғимаратындағы адамдарды тұтқынға алып, ғимаратты жарып жіберетінін айтып қорқытқан, деп хабарлайды ТАСС.

Шұғыл қызметтердегі ақпарат көзінің мәліметінше, қаскөйдің қолында кем дегенде бес адам болған. Ол үстіне қара күрте мен спорт шалбарын киген, бетінде қара маскасы бар.

«Қолына сары пакет ұстап алған. Оның айтуынша, пакетте жарылғыш зат бар», - деп мәлім етті ақпарат көзі.

Құқық қорғау органдары онымен келіссөз жүргізген. Оқиға орнында барлық шұғыл қызметтердің өкілдері жұмыс істеп жатыр.

«Қазір ғана арнайы жасақ сарбаздары «Альфа банк» ғимаратына басып кіріп, ер адамды ұстады. Оның қолындағы жарылғыш зат емес, соның муляжы болып шықты», - деп хабарлады ақпарат көзі.

Кейін бұл ақпаратты ІІМ Мәскеу қалалық басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Владимир Васенин растады.

Ұсталған адамның ақыл-есінің дұрыстығына күмән бар, сондықтан ол сараптамаға жіберіледі. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Ресей,
Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT