Мәскеу тұрғыны XVI ғасырдағы көне Құранды тауып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу тұрғыны Анашка Хаджимурадова күтпеген жерден XVI ғасырдағы Құранды тауып алды.

Ол атасы қайтыс болғаннан кейін оның кейбір заттарын сақтаған екен. Сол заттардың арасында көне кітап та болған. Әйел кітаптың мұқабасына қарап оның ежелгі екенін аңдаған, алайда оны аукционға қоймақшы болғанда, бағалаушылар Құранның құнын миллионға бағалаған.

«Біз екі рет сараптама жасаттық, оның екеуі де Құранның XVI ғасырдың басына тиесілі екендігін растады. Оның ішінде Құранның кімге, қашан берілгендігі жазылған парақша бар, - дейді Анашка Хаджимурадова. - Лондонда бұл Құранға 12 миллион ұсынды, кейін бағаны 45 миллионға дейін көтеру туралы сөз болды».

Мәскеу тұрғыны бағалы кітапты сатып, пайда тапқысы келмеген. Қыз Құранды мешітке сыйға тартуды ұйғарады.

«Ақшамен бақыт сатып ала алмайсың, біз сатудан бас тарттық. Оны сыйға тартуды жөн санадық. Мешітке кез келген уақытта барып, Құранды көруге болады. Балаларыма және туыстарыма көрсетуге мүмкіндік бар. Себебі, ол жерде кітап ұзақ уақыт бойы сақталады, - дейді кітаптың иесі. - Құран көне кітап, қолмен жазылған. Оны Сирияда жасаған. Оның еш өзгеріссіз сақталғанына бәрі қайран қалуда».

2

Соңғы жаңалықтар