Мәскеу-Санкт-Петербор бағытындағы «Нева экспресі» пойызы апатында зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ - СІМ баспасөз хатшысы

None
None
АСТАНА. Қарашаның 28-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Мәскеу-Санкт-Петербор бағытындағы «Нева экспресі» пойызы апатында зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында аталған ведомствоның баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

І.Омаровтың айтуынша, зардап шеккендер мен қаза тапқандардың арасында Италияның 1 ғана азаматы болған, қалғандарының барлығы ресейліктер.

«Біздегі ақпараттар бойынша зардап шеккендер арасында әзірше  Қазақстан азаматтары жоқ. Осы жайтқа орай біздің Мәскеудегі консулдық бөлімге және  Санкт-Петербордағы бас консулдыққа сәйкесінше тапсырмалар берілді», деді І.Омаров.

Айта кетейік, Новгород және Тверь облыстарының шекараларында жұма күні кешке орын алған «Нева экспресі» пойызы апатының салдарынан, соңғы деректер бойынша 25 адам мерт болып, 90-ға жуық адам  зардап шекті.

Соңғы жаңалықтар