Мәскеу орталығында 4 мыңдай адам шеруге шықты

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС–ҚазАқпарат — Ресей астанасы Мәскеу қаласының орталығындағы Пушкин алаңына 4 мыңдай адам санкцияланбаған митингіге шықты. Бұл туралы ТАСС агенттігі РФ ІІМ Мәскеу бойынша Бас басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Пушкин алаңына 4 мыңдай адам санкцияланбаған митингіге шықты» деп мәлімдеген полициядан.

Полиция қазіргі сәтте бұл алаңды толықтай қоршауға алған. Митингіге шыққан адамдар ара-арасында полициямен қақтығысып қалып жатыр. Осы сәтке дейін үш мәрте екі тарап арасында арпалыс болып үлгерген.

Мәскеудің көлік департаментінің мәліметінше, шерушілер қала орталығындағы Страстной бульварда жол бойына шығып кеткен. Осы себепті автобустар қозғалысы бөгеліп қалған.

Көлік қозғалысы Страстной бульварда, Үлкен Путинковский, Үлкен Дмитровка, Камергерс және Настасьинск шағын көшесінде тоқтаған. Тверь көшесі толықтай жабылған.

Шерушілердің бір бөлігі Пушкин алаңынан кетіп, Кремль жаққа бет алған. Содан соң олар Үлкен Дмитровкаға шығып, қозғалысты бөгеп, жол бойымен жүріп өткен. Осылайша Страстной бульварға жеткен. Ол жерді полиция қоршауға алды.

Митинг қатысушылары тәртіп сақшылары сап түзеп, құрған шепті жарып өтті. Полицейлер өте белсенді шерушілерді ұстау үшін арнайы құралдар қолданған.


Соңғы жаңалықтар