Мәселені қолға алайық: Марат Бекетаев букмекерлік жарнаманың көбейіп кетуі жайлы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әділет министрі Марат Бекетаев көшеде де, интернетте де қаптап кеткен букмекерлік жарнамаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әділет министрлігінің алқа мәжілісінде Нұр-Сұлтан қаласы әділет департаментінің басшысы Алан Тіленшиев букмекерлік жарнамалардың артуына байланысты алаңдаушылық білдірді.

«Букмекерлік агенттіктер мен ставкалар туралы айтсам деп едім. Өкінішке қарай, қарапайым азамат ретінде байқасақ, қазір айналаның бәрінде букмекерлік агенттіктердің жарнамасы қаптап кеттті. Бәлкім, жауапты министрлікпен бірге жарнама туралы қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізу мәселесін көтерген дұрыс болар?! Өйткені біздің балалар интернетте де, көшеде де күн сайын букмекерлердің жарнамасын көреді. Өкінішке қарай, жастардың соған қызығушылығы жыл санап артып барады», - деді Алан Тіленшиев.

Бұл ұсынысқа министр қолдау білдірді.

«Бұл ұсынысты қолдаймын. Ұсыныстарды әзірлеп, Білім және ғылым министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне хат жолдайық. Осы мәселемен айналысайық», - деді Марат Бекетаев.


Соңғы жаңалықтар