Мас жүргізуші кесірінен Тараз маңындағы 400 үй газсыз қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 2 желтоқсан күні, түнгі сағат 3-те Тараздың апаттық-диспетчерлік қызметіне Пригородный кентінде жеке газ қысымын реттеу пунктіне жеңіл көлік соқтығысқаны туралы ақпарат келіп түскен.

ТЖ «Ленин көшесі, 15» мекенжайында орын алған. Алкогольдік ішімдікке масайған жүргізуші оқиға болған жерден ізін суытпақшы болып, көлігін оталдырғанда, машина өртке оранған. Көлік толықтай жанған, жүргізуші зардап шекпеген. Пункт жарамсыз болып қалған.

Оқиға болған жерге Апаттық газ қызметі, өрт сөндіргіш машиналар мен патрульдік ЖПҚ келген. Апаттық қызмет Ленин көшесіндегі «Қазпошта» маңындағы орта қысымды кран-кілемді жапты. Келген шығынның сомасы белгіленуде. Қазіргі таңда Пригородный кентіндегі 400-ге жуық жеке сектор абоненті газсыз қалды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, таяу сағаттарда аяқталады деп жоспарлануда. 

Соңғы жаңалықтар