Мас күйінде жүк көлігімен аударылған атыраулық 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда мас күйінде «КамАз» жүк көлігімен аударылған жүргізуші 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«12 тамыз күні Атырау-Астрахань күре жолындағы Исатай ауданының автомобиль өтетін көпірінде «КамАз» жүк көлігі аударылды. Оны жүргізген Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылының 1988 жылғы тұрғыны мас болған.

Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 608-бабы (Көлік құралын мас күйінде жүргізу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот қаулысы бойынша, оған 20 тәулікке қамау және 8 жыл жүргізуші куәлігінен айыру жазасы тағайындалды», - деп хабарлайды Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар