Мас күйінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет куәлігін көрсеткен адам анықталды - агенттік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға офицері Динара Құлымбетова видеода мас күйінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің куәлігін көрсеткен ер адамға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол-көлік оқиғасын жасағаннан кейін, мас күйіндегі ер адам Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің куәлігін көрсеткені жайында әлеуметтік желілерде тараған бейнетүсірілім үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін және ішкі істер органдарында іздестіріліп жатқан Абдуллаев ұсталды. Оның жалған қызметтік куәлігі анықталды», - деді Д. Құлымбетова онлайн режимде өткен брифингіде.

Оның айтуынша, аталған жалған қызметтік куәлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үлгісіндегі құжат негізде жасалмағанын нақтылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Динара Құлымбетова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілінің атын жамылған алаяқтар ұсталғанын айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар