Марат Шоранов қазақстандық вакцина салдырмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов «Коронавирусқа қарсы вакцинаны өздеріңіз салдыруға дайынсыздар ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз министрден бастап, министрлік басшылығы өз еркімізбен екпе салдыруға барамыз. Қазіргі кезде біздің бас санитарлық дәрігеріміз Ерлан Қиясов мырза және Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ханым бүгін Sputnik V вакцинасын салдыруға дайын. Жеке өзім қазақстандық вакцинаны таңдап отырмын. Бұл вакцина қолжетімді болған сәтте, алғашқылардың бірі болып осы екпені аламын», - деп жауап берді Марат Шоранов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін вице-министр коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның қандай жағдайда салынбайтынын айтқан еді.
Вакциналау туралы толық ақпаратты агенттіктің арнайы айдарынан оқуға болады.
- Қазақстанда бір тәулікте 717 адамнан коронавирус анықталды
- Екпенің еш кері әсерін байқаған жоқпын – қызылордалық дәрігер
- Демалыс күндері Теміртауда сауна мен бассейндер жұмысы тоқтатылады
- БҚО-да коронавирус жұқтырған 276 адам стационарда жатыр
-
Коронавирус: Ақтөбе облысына тағы 4 мың доза вакцина жеткізіледі
-
Батыс Қазақстанда соңғы үш күнде 144 адамнан коронавирус табылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам