Марат Бекетаев патент жүйесіне қатысты заң жобасын Сенатта таныстырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әділет министрі Марат Бекетаев Сенатта «1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Хаттамада өнеркәсіптік үлгілерге еуразиялық патенттердің құқықтық қорғау ерекшеліктері, әрекет ету қағидаттары, өтініш берушілердің, құқық иеленушілердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ Еуразиялық патент ведомствосы жүзеге асыратын міндеттемелер мен уәкілеттіктер көзделген. Аталған заң жобасы өңірлік патент жүйесін жетілдіру мақсатында енгізіліп отыр. Халықаралық патенттеу кезінде әр мемлекетте жеке өтінім беру және жеке төлемдерді төлеу айтарлықтай әкімшілік кедергі болып табылады. Қазақстандық өтінім берушілер үшін өңірлік жүйенің артықшылығы – объектіні сегіз мемлекетте бір уақытта қорғау үшін Еуразиялық патент ведомствосына жүгіну мүмкіндігі», - деді Марат Бекетаев Парламент Сенатының отырысында.

Оның айтуынша бұл жүйе Еуразиялық аумақта сауда жасау барысында өнеркәсіптік үлгілерді қорғаудың деңгейін арттыруға және осы жүйенің мүше мемлекеттерінің инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Өңірлік патент еуразиялық нарыққа бағытталған отандық тауар өңдірушілерінің мүмкіндіктерін арттырады.


Соңғы жаңалықтар