Марат Бекетаев құрылған «Әлеуметтік қордың» негізгі міндетін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әділет министрі Марат Бекетаев құрылған «Әлеуметтік қордың» негізгі міндетін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы негізінде «Әлеуметтік қор» құрылды. Ол атқарушылық іс жүргізу тараптары болып табылатын және әлеуметтік әрі қаржылық жағдайы қиын азаматтарға көмек көрсететін болады», - деді министр онлайн режимде халық алдында есеп беру барысында.

Оның сөзіне қарағанда, қордың бюджеті жеке сот орындаушылардың мүшелік жарналары және ерікті қайырымдылықтар есебінен қалыптастырылады.

«Қордың қызметіне бақылауды Палатаның Камқоршылық кеңесі жүзеге асырады», - деді М. Бекетаев.


Соңғы жаңалықтар