Марат Бекетаев: Кез келген проблема жұртшылық талқылауына ұсынылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Заң жобалары бойынша ғылыми-құқықтық сараптаманы ғылыми ұйымдар емес тізілімдегі сарапшылар жүргізетін болады. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нормашығармашылық қызметін жетілдіру мақсатында заң шығару процесінің жаңа сатыларын енгізуді көздейтін заң жобасы әзірленді. Атап айтқанда, кез келген проблема бірінші кезекте, жұртшылықпен талқыланатын болады және қоғамдық талқылау нәтижелерін алғаннан кейін ғана әзірлеуші заң жобасына қатысты мәселені шешеді.

Бар проблема бойынша барлық талдау және қоғамдық талқылау нәтижелері жеке құжатта көрініс табуы тиіс. Бұл құжат жұртшылықтан кері байланыс алу және бекіту үшін жасалады.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік сатып алу негізінде ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге ұйымдарды тартудан бас тарту және Заңнама және құқықтық ақпарат институты жүргізетін тиісті тізілімнен нақты сарапшыларды тағайындауға көшу ұсынылады.

Бұл өз кезегінде, әзірленіп жатқан НҚА жобаларының сапасын арттыруға ықпал етеді.


Соңғы жаңалықтар