Марат Бәшімов: Сот кадрларын іріктеу ісін әлі де жетілдіру керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сот кадрларын іріктеу ісін әлі де жетілдіру керек. Елордада өткен Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Бәшімов «Президенттік жаңа саяси реформалар пакеті» атты дөңгелек үстелде осы мәселеге назар аударуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақтарда өлім жазасы деген болмаған. Кісі өлімі үшін бұрынғылар құн беретін. Яғни біздің елде гуманизм институты бұрыннан бар. Бірақ, қазіргі уақытта заңгерлердің ішінде сауалнама жүргізер болсақ, олардың 90 пайызы өлім жазасын қолданған дұрыс деп жауап берері сөзсіз. Әйтсе де бұл – басқа аспект. Осы жылдар ішінде қоғамның қатайғаны соншалық, мұндай өзгерістердің объективті де, субъективті жақтарын зерттеуге тура келеді», - деді Марат Бәшімов.

Заңгердің айтуынша, «Адам құқығына арналған хартия» қоғамдық қорының директоры Жеміс Тұрмағамбетовың Халықаралық қылмыстық сотқа қосылу туралы бастамасын қолдау керек.

«Біздің елде де Қылмыстық кодекс бар. Онда несіне қорқамыз? Бәлкім, оған қосылудың қандай да бір саяси қаупі бар деп те ойлайтын болуымыз керек. Ал қазір де оған әлемнің 40 мемлекеті қосылып қойды. Ол сотта халықаралық қылмыстық істер қаралады. Ал біздің елде халықаралық қылмыс жасап жатқандар бар ма? Әлбетте жоқ», - деді ол.

Марат Бәшімов Мемлекет басшысының сот жүйесінің ашық әрі әділетті болуы керектігін баса атап өткенін еске салды.

«Бұл – құқықтық тақырып. Сот кадрларын іріктеу ісі әлі де ашық өтіп жатқан жоқ. Кейінгі екі жылдан бері осы мәселені зерттеп келемін. Осы тақырып турасында талдау материалдарын да жарияладым. Қазіргі уақытта Жоғарғы сот кеңесінің жартысы жаңартылды. Жауапкершілік алатын әрі заңгерлік ортаға таныс адамдар келді. Бірақ ол жерде мәселе әлі де көп. Мысалы кез келген адам Жоғарғы соттың сайтына кіріп, судьялар туралы, атап айтқанда қайдан, қанша ескерту алды, емтиханды қалай тапсырды, қанша жыл өтілі бар, яғни толыққанды мәліметті ала алатындай болуы тиіс. Осы туралы еш мәлімет жоқ. Жабық. Сайттан оны табу мүмкін емес», - деді Марат Бәшімов.

Соңғы жаңалықтар