Марат Әзілханов: Жолдаудың гуманитарлық негізі әр азаматтың мүддесіне бағытталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Президенттің биылғы Жолдауы әлеуметтік-экономикалық және саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге нақты да тұщымды жауап бергенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚХА төрағасының орынбасары Мемлекет басшысы бұл Жолдауды Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы ретінде жариялағанын еске салды.

«Биылғы Жолдау – қоғамның бірлігін сақтау және Тәуелсіздікті нығайту қажеттілігін ұғындыратын, татулық пен достықтың бірегей жолдауы. Баршамызды біріктіретін құндылықтардың арқасында біз 30 жыл татулық пен келісімде өмір сүріп келеміз, тәуелсіз Қазақстанды құрдық, Тәуелсіздіктің ұрпағын өсірдік. «Халықтың бірлігі» Жолдаудың атауында бірінші орынға қойылған», - деп бастады ол сөзін.

Оның айтуынша, бұл ассамблея мүшелеріне, ассамблеяның әр өкіліне, әр құрылымына үлкен жауапкершілік жүктейді.

«Биылғы Жолдау әлеуметтік-экономикалық және саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге нақты да тұщымды жауап ретінде бүгінгі таңда ел азаматтарын толғандыратын мәселелерді қамтығаны баршаңызға аян. Жолдаудың гуманитарлық негізі, оның Қазақстанның әрбір азаматының мүддесіне бағытталуы назар аудартады», - деді Марат Әзілханов.

Ассамблея хатшылығының меңгерушісі ұйымның барлық мүшесі Жолдаудың ережелері мен міндеттеріне толық қолдау көрсете беретінін айтты.


Соңғы жаңалықтар