Марат Ахметжанов нысандардың сапасыз салынуына не себеп болатынын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов нысандардың сапасыз салыну себептерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Игерілмеу неге орын алады? Өйткені, Есеп комитеті, басқа да органдар бар. Қызметтік өкілеттіктері үлкен бақылаушы органдар көп. Олар кез келген тендерді заңсыз деп танып, оған шағым түсіре алады. Бізде құрылыстар неліктен сапасыз? Себебі, жыл басында тендер жарияланғанда біреу ұтып алып, екіншісі шағымданады. Осынау сот сарсаңы, прокурорлық тексерулер жарты жылға дейін созылады. Ал ол жыл соңына дейін нысанды салынуы тиіс. Ол құрылысты сапасыз салады немесе 2-формаға қол қойып, қылмыстық тексеру нысанына айналады. Жоба болуы тиіс. Игергеннен кейін қаражат бөліп, біртіндеп жүргізілуі қажет», - деді агенттік басшысы үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен онлайн кездесуде.

Оның атап өтуінше, Үкіметтің мақсатты индикаторы бар.

«Жыл соңында бюджетті игермегендер, тұрғын үйді, өнеркәсіптік нысанды пайдалануға беру мақсатты индикаторларын орындамағандар жауапқа тартылады. Міне, осыған байланысты олар толық салынбаған нысанды жоғарыда аталған мақсатты көрсеткіштерді орындау үшін жұмыс істеп тұр деп мәлімдеуге мәжбүр болады. Сондықтан бұған қатысты біздің көп сұрағымыз бар. Қазір мемлекеттік сатып алу саласын, оның ішінде аталған мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының қызметін саралап жатырмыз. Ол жерде асыра пайдалану, жүгінгендердің біріне басымдық беру өте көп. Қазірдің өзінде бұл сызба қолымызда бар. Келесі жолы мұның барлығын көрсетеміз», - деді Марат Ахметжанов.


Соңғы жаңалықтар