Мансапқа қызығушылық 7 жасқа дейін қалыптасады - зерттеу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - OECD халықаралық экономикалық орталығының ғалымдары адамның мансапқа құмарлығы 7 жасқа дейін қалыптасатынын анықтады, деп жазады ВВС. Басылымның жазуынша, жеті жастан кейінгі өзгерістер мансапқа қызығушылыққа еш әсер етпейді.

«OECD халықаралық экономикалық орталығы мамандарының айтуынша, жеті жасқа дейін бала мамандық таңдай алмаса да, мансапта қаншалықты биікке жететіні сол кезде қалыптасады. Әсіресе, әлеуметтік жағдайы жақсы ортада өскен немесе жоғары лауазымды адамдарды кездестірген балалар болашақта өз саласында биікке өрлейді. Сондықтан да бастауыш мектептерде оқушыларды еңбек нарығымен таныстыруды бастау керек», деп жазады автор.

Мамандардың айтуынша, мансапқұмарлық бейсаналы түрде қалыптасады.

Соңғы жаңалықтар