Маникюр, бет әрлеу, шаш алу: Елордалық зейнеткерлерге тегін қызмет көрсетілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық акциясы өтті. «Еңбек» бағдарламасының қысқа курстарына қатысушылар орталықта тұрып жатқан зейнеткерлер мен мүгедектерге тегін қызмет көрсетті. Бұл туралы ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қысқа курстарына қатысушыларымен бірлесіп аталған орталықта тегін маникюр, шаш алу, бетті әрлеу қызметтерін тегін көрсетті. Шараның мақсаты – қарттарға әлеуметтік қолдау көрсетіп, олардың күтіміне қолғабыс ету. Орталықта тұрып жатқан зейнеткерлер мұндай жаста өздеріне күтім жасау оңай емес екенін айтты. Алғашқыда аздап қысылса, кейіннен бір қызметті алғаннан кейін, шеберлердің басқа да қызметтерін алуға қызығушылық білдірді», - деді әкімдіктен.

«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жүмысын 1989 жылы бастаған. Бүгінгі күні онда зейнет жасындағы, І және ІІ топ мүгедектері, үйсіз, сондай-ақ күтімді қажет ететін азаматтар тұрып, арнайы әлеуметтік қызмет алады. Мекеменің жұмысы орталықта тұратын және түрлі әлеуметтік арнайы қызметті алатын азаматтардың барлық қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар