Маңғыстаулық спортшы самбодан әлем чемпионатында жүлдегер атанды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда әскери самбодан ересектер арасында өткен әлем чемпионатында Нұркен Домбаев күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысқа 500-ге жуық спортшы қатысқан. Байрақты бәсекеде Маңғыстау облыстық «Жас батыр» спорт мектебінің спортшысы Нұркен Домбаев 52 кг салмақта өнер көрсетті.

Нұрбек Домбаев ақтық кезеңде Ресей мемлекетінің спортшысымен белдескен.

Осыған дейін спортшы самбодан ҚР 4 дүркін чемпионы, 3 дүркін азия чемпионы атанып үлгерген. Әлем чемпионатының қола жүлдегері және әлем кубогінің иегері.

Соңғы жаңалықтар