Маңғыстаулық белсенділер Ыбықтысай шатқалынан 3 тонна қоқыс шығарды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда «Өз елімде із қалдырмай sayahattime» науқаны жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еріктілер, өңірдің белсенділері мен Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері Ыбықтысай шатқалы маңында сенбілік ұйымдастырды. 50-ге жуық қатысушы бір күнде 3 тоннаға жуық қоқыс жинады.

«Бұл акция қоршаған ортаның тазалығына бірауыздан атсалысуға бағытталған. Өкінішке қарай, қазір табиғат аясына демалуға шыққан кей адамдар қоқысын жинамай, тастап кете береді. Соның салдарынан мекеніміздің көрнекті жерлері зардап шегеді. Сондықтан біз осы арқылы жастарға, жалпы қала тұрғындары мен қонақтарына үлгі көрсеткіміз келеді. Қала тұрғындарын табиғатымызды аялап, тазалықта ұстауға шақырамын», - дейді экобелсенді Сабина Бейсембаева.


Бұдан бөлек белсенділер Сайын - Шапағат кентінде Каспий жағалауын тазарту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 70 дорба қоқыс жиналды.

«Акцияның мақсаты - теңіз жағалауын қоқыстан тазарту ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу мен қоғамның назарын экология мәселелеріне аудару»,- дейді акцияға қатысушы Хитеш Вадодария.


Соңғы жаңалықтар