Маңғыстаулық азамат мемлекет есебінен балаларға тегін секциялар ашуда

None
None
МҰНАЙЛЫ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының «Қызылтөбе-2» тұрғын үй массивінде спорт алаңы жоқ. Соған қарамастан мұнайлылық жас спортшылар 60 шаршы метр ғимаратты кәсіби спорт алаңына айналдырды. Онда мамандар 80-нен астам баланы еркін күреске баулып жүр. Бұл туралы Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызылтөбе-2» тұрғын үй массивінде спорт алаңдары жоқ. Сондықтан өзіміз арнайы зал ашып, оны жабдықтап, қыркүйек айынан балаларды қабылдауды бастадық. Бір байқағанымыз, балалар спортқа зор ынтамен келеді. Бүлдіршіндердің спортқа қызығушылығы жоғары», - деді жаттықтырушы Мыңбай Ізмұханов.

Мыңбай Ізмұханов спорт залын алдымен 38 мыңға жуық халқы бар Басқұдық ауылынан ашқан. Кейін «Қызылтөбе-2» тұрғын үй массивінен ғимарат жалдап, арнайы мамандарды жұмысқа қабылдаған. Мәселен, жаттықтырушы Болатбек Хнабаев 80 балаға еркін күрестің қыр-сырын үйретіп жатыр.

«Балалар спорттық секцияларға тегін қатысады. Өйткені қазір мемлекет тарапынан жеке спорт клубтарына қатысатын балаларға қаржылай көмек көрсетеді. Соның есебінен кішкентай болса да ғимарат жалдап, жаттықтырушылардың жалақасын беріп отырмыз», - деді Мыңбай Ізмұханов.

Спорт нысанына түске дейін 50, түстен кейін 30 бала келіп жаттығады. 6 мен 15 жас аралығындағы балалар көп келеді. Жас жаттықтырушы шәкірттерінің арасынан ел чемпиондары шығарына бек сенімді.


Айта кетейік, бұдан бөлек Басқұдық ауылынан да спорт алаңы ашылды. Оған жүзге жуық бала каратэ және еркін күрес секцияларына қатысады.


Соңғы жаңалықтар