Маңғыстауға «Vero Cell» вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауға Vero Cell вакцинасының 10 000 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті.

«Өңірге Sinofarm компаниясының 10 мың дана Vero cell вакцинасы келді. Өндіруші елі – Қытай. Бұл Вакцина Қазақстан Республикасы Үкіметінің №850 қаулысымен бекітілген COVID-19-ға қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес уақытша мемлекеттік тіркеуден өтті. Препарат 18 жастан асқан адамдарда COVID-19 алдын алу үшін белсенді иммундауға арналған. Препарат бұлшықет ішіне 21-ден 28 күнге дейінгі аралықпен 0,5 мл-ден екі дозамен енгізіледі. Облыс тұрғындарына вакцина салуға құжаттар толтырылғасын ғана басталады»,-деді Ғазиз Надуев.

Жалпы Маңғыстауда коронавирус инфекциясына қарсы екпе алу көрсеткіші төмен. Облыс көлемінде 18 тамызға дейін 1 компонентпен 127 237, 2 компонентпен – 87 974 адам егілді


Соңғы жаңалықтар