Маңғыстауға Түрікменстаннан тағы 256 қандас көшіп келді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауға Түрікменстаннан 256 қандас көшіп келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының Маңғыстау облыстық филиалына сілтеме жасап.

Бұл Түрікменстан жерінен атажұртқа ат басын бұрған көштің екінші керуен.

Арнайы пойыз 12 мамырда «Түрікменбашы» станциясынан шығып 13 мамырда сағат 12:00-де «Болашақ» станциясына, одан әрі «Жаңаөзен» станциясына келді.

Тарихи Отанына көшуге ниет білдірген қандастардың визалық құжаттары толық дайын және олардың COVID-19 індетіне қатысты тиісті ПТР тестілеудің анықтамалары бар.

Алдағы уақытта қандастар өздерінің қалауы бойынша еліміздің кез келген өңіріне қоныстана алады.

Елге келген қандастар солтүстік өңірлерге қоныс аударған жағдайда олар арнайы өңірлік квоталармен қамтылады.

Айта кетейік, бұған дейін Түрікменстаннан 153 қандас тарихи Отанына оралғанын жазған едік.



Соңғы жаңалықтар